Мешітте қызды намаз оқып отырған жерінен тепкілеп кетті (ВИДЕО)

Жаңалықтар
view 506
news

Сурет: Ашық дереккөзден

Семейде мешіттің бірінде намаз оқып отырған қызды әйел тепкінің астына алды, деп хабарлайды janabastau.kz  KYN.KZ ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Бұл туралы видеоны журналист Сандуғаш Дүйсенова өзінің Instagram-дағы парақшасына жариялады. Бейнежазбадан мешітте әйелдің намаз оқып отырған қызды ұрғаны көрінеді.

“Мешітте болған жағдай! Бір дөкейдің әйелі намаз оқып отырған қызды тепкілеп, соғып кетіпті. Бұл не бассыздық? Имамдар қайда қарап жүр? Сонда Алланың үйінде әр мұсылманды осылай сабай берсе, не болғанымыз? – деп жазған автор.

Аталмыш оқиғаға қатысты Абай облыстық полиция департаменті әйелден шағым болмағанын және істі тоқтатуға өтініш тастағанын мәлімдеді.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *