Ақмола облысында табиғи монополиялар саласында тиімді реформалар байқалады
Сурет: Ашық дереккөзден
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Ақмола облысы бойынша департаменті табиғи монополиялар саласындағы тиімді реттеуді қамтамасыз етіп, экономиканың монополиялық секторында ашықтық пен тұрақтылықты арттыруға бағытталған шаралар қабылдауда. Бұл туралы облыстағы департамент басшысы Асылбек Қуандықұлы брифингте мәлімдеді, деп хабарлайды janabastau.kz Өңірлік оммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.
Департаменттің басты міндеті — халықтың мүддесін қорғау, тариф саясатын тұрақтандыру, энергия мен ресурстарды үнемдеуді насихаттау, сондай-ақ инвестициялық тартымдылықты арттыру болып табылады. Мемлекет басшысының тапсырмаларына сәйкес, Табиғи монополиялар туралы заңға енгізілген өзгерістер ашықтықты арттырып, тұтынушылардың қаражатын мақсатты пайдалануға бақылауды күшейтуге мүмкіндік берді.
Ақмола облысында 71 табиғи монополиялар субъектісі қызмет көрсетеді, олар 165 реттелетін қызмет түрін ұсынады. Бұл қызметтерге жылумен қамтамасыз ету , электр энергиясын беру және тарату, сумен қамтамасыз ету және суды бұру , подъезд жолдары , газды тасымалдау, су ағындарын реттейтін гидротехникалық құрылғылар , сондай-ақ қоғамдық маңызды нарықтағы 9 субъект кіреді.
Табиғи монополиялар туралы Заңға сәйкес, департамент табиғи монополиялар субъектілерінің жылдық тарифтік сметалардың орындалуын бақылап, есептерді тексеріп отырады. Мәселен, өткен жылы табиғи монополиялар субъектілерінің орындалмаған тарифтік сметалары 1,6 миллиард теңгені құраған, ал биылғы жылы бұл көрсеткіш 1,86 миллиард теңгеге жетті. Бұл қаржы тұтынушыларға уақытша компенсаторлық тарифтер арқылы қайтарылды.
Инвестициялық бағдарламалар аясында 2024 жылы Ақмола облысында инфрақұрылымның тозу деңгейі жоғары. Осыған орай, «Инвестицияға айырбас тарифі» бағдарламасы аясында 5,1 млрд теңгеге инвестициялар енгізілді. Келесі жылы 2 620 км инфрақұрылым жаңартылып, 15,4 млрд теңге жұмсалады
Жалақының өсуі де назар аударарлық мәселе екенін айтты департамент басшысы.
«2024 жылы жылу, су және электр энергиясы салаларында қызметкерлердің жалақысы 47%-дан 116%-ға дейін артты. Әлеуметтік нормалар енгізіліп, тұрғындар үшін жылу, су және кәріз қызметтері бойынша төлемдерге жеңілдіктер ұсынылды, бұл энергия мен ресурстарды үнемдеуді ынталандыру мақсатында жүзеге асырылуда»,- дейді Асылбек Қуандықұлы.
Жалпы Ақмола облысында табиғи монополиялар саласындағы тиімді реформалар тұтынушыларға сапалы қызмет көрсету, инфрақұрылымды жаңғырту және әлеуметтік жағдайды жақсарту үшін жасалуда.
Пікірлер (0)