Ақтаудағы төбелесте екі адам пышақталған

Жаңалықтар
view 81
news

Фотосурет: дереккөз

Ақтауда тұрғындарды дүрліктірген төбелес болды. Әлеуметтік желіде қанға боялған орындықтың суреті тарап, жұртшылық арасында қылмыс пен адам өлімі болуы мүмкін деген болжамдар айтылды, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат порталы lada.kz-ке сілтеме жасап.

Алайда Маңғыстау облыстық полиция департаменті бұл ақпаратты жоққа шығарды. Құқық қорғау органдарының мәліметінше, төбелес кезінде екі ер адам пышақ жарақатын алған.

Спирттік ішімдік ішу барысында ер адамдар арасында жанжал туындап, соңы төбелеске ұласты. Соның салдарынан екі азамат пышақ жарақатын алды. Олар ауруханаға жеткізілді, – деп хабарлады ведомстводан.

Оқиға орнына жедел-тергеу тобы барып, тексеріс жүргізген. Қазір күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Айта кетсек, Instagram-дағы 112_aktau парақшасында жарияланған суретте қанды орындықтың арнаулы лентамен қоршалғаны көрсетілген.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *