Сойылған киіктер ішек-қарнының далаға тасталғаны рас па? (ВИДЕО)

Жаңалықтар
view 125
news

Фотосурет: видеодан скриншот

Экология министрлігі Қостанай облысында ақбөкендерді сою кезінде алынған ішек-қарын, өзге де бөлшектердің далаға тасталғаны туралы желідегі ақпаратты тексергендерін айтып, оның қорытындысын жария етті, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат егенттігі.

Құзырлы ведомство 6 қыркүйекте Қостанай облысының Жангелдин ауданында қалдырылған киік қалдықтары туралы тараған ақпаратқа байланысты түсінік берді.

Аталған фактіні тексеру мақсатында әкімдік пен ветеринария қызметкерлерінен құралған жұмыс тобы жедел түрде оқиға орнына жіберілді. Ұша қалдықтары анықталған жоқ. Аумақты тексерудің комиссиялық актісі жасалды. Осылайша, ішкі бөліктерді одан әрі кәдеге жаратусыз мал сою орнында қалдыру туралы ақпарат шындыққа жанаспайды, - делінген ресми ақпаратта.

Еске сала кетсек, белгілі аңшы, қоғам белсендісі Батыр Сейкенов әлеуметтік желілерге Торғай даласында жатқан әлдебір жануардың ішкі құрылыс қалдықтарының видеосын жариялаған болатын.

Экология министрі Е. Нысанбаевтың жұмысы «ең жоғары деңгейде». Қазақ даласы киіктің ішек-қарнымен көмкерілген. Міне, экологияға деген шынайы «қамқорлық»: далада «Охотзоопром» өзін қожайындай сезінеді, шенеунік кабинетінде «эколог» болып отырады, халық болса, таңғалып, күйзеліске түсті. Табиғатты мал қорымына айналдыру экология емес, қорлық, - деген еді сонда Батыр Сейкенов.

Ал министрлік азаматтарға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жалған ақпарат таратқаны және оны таратуға жәрдемдескені үшін қылмыстық жауапкершілікке дейін жауапкершілік қарастырылғанын ескертті.

Сонда анау видеода көрсетілген ішек-қарындарды не деуге болады?

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *