Қылмыстан көз ашпаған Талғардың әкімі рэп айтып, тойды жарнамалады (ВИДЕО)
Фотосурет: видеодан скриншот
Талғар қаласының әкімі Арыстанбек Әбілқайырұлы таудың етегінде концерт жарнамалап тұр. Қаладан 3-4 шақырым жерде қанды қылмыс болып жатқанда, оның TikTok түсіріп, би билеп жүргені жұрттың наразылығын тудырды, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат порталы Todayinfo-ға сілтеме жасап.

Талғарда тапа-талтүсте адам өліп, бала ұрланып жатыр. Ал әкімі TikTok түсіріп, тойлауға дайындалып жүр, - деп жазды журналист Есболат Айдабосын.
Көпшіліктің пікірінше, қалада қылмыс тоқтамай тұрса да әкімдері арзан пиармен айналысып кеткен. Мысалы, ондағы Шерзат трагедиясы әлі ұмытыла қойған жоқ. Елді дүрліктірген сол оқиғаның артынша Талғар ауданының тұрғыны адам өлтіріп, 2 жасар қызды ұрлап кеткен еді. Бірақ аймақта оған алаңдайтын басшылық жоқ сияқты.

Ойлашы,
13 қыркүйек Абай саябағында мерекелік іс-шара!
Халық демалуда,
Барлығы қала күнін тойлауда,
Эстрада жұлдыздары ән шашуда, - деп рэп айтып, қиқаңдап билеп тұр әкім Арыстанбек Әбілқайырұлы.
Пікірлер (0)