Шардарада ер адам қарияны аяусыз ұрып, әйелі екеуі балағаттаған (ВИДЕО)

Жаңалықтар
view 256
news

Фотосурет: видеодан скриншот

Түркістан облысының Шардара қаласында түсірілген бейнежазба әлеуметтік желілерде қызу талқыға түсті. Жазбада қарт кісіге жасалған қорлық пен қатыгездік анық байқалады, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі Alash.kz-ке сілтеме жасап.

Алдымен кадрдан ер адамның қарияны балағаттап, «екі қабырғаңды сындырамын» деп қорқытқаны естіледі. Кей сәтте қарттың жолдың үстінде отыра қалып, орнынан тұра алмай қалғаны көрінеді. Жазбаны жасырын түсірген автор үшінші бөлікте соққының қалай жасалғанын көрсетпесе де дыбысы анық естіледі.

Ер адамның жанында болған әйелдің де қартқа дөрекілік танытып, қол көтергені байқалады. Қарияны тұрғызудың орнына екеуі әдепсіз сөздер айтып, күш қолданған.

Оқиғадан кейін тәртіп сақшылары дереу әрекет етіп, күдіктіні қолға түсірді. Қазір ол уақытша қамау изоляторында отыр. Аталған дерек бойынша іс қозғалып, тергеу амалдары басталды.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Болған оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Қажетті жедел-тергеу шаралары жүргізіледі. Оның нәтижелері бойынша тиісті шешім қабылданатын болады. ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесіндегі өзге ақпараттар жария етуге жатпайды, - деп мәлімдеді жергілікті полиция.

 

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *