Қош бол, «Сергек»: сот өрескел заңбұзушылықтарды растады

Жаңалықтар
view 189
news

Фотосурет: ашық дереккөзден

Қостанай облысында «Сергек» жүйесі қызметін тоқтатады, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.

Қостанай облысының әкімдігі мен жол және қоғамдық қауіпсіздіктің интеллектуалды жүйесін орнатуға жауапты компания арасындағы даулы іске апелляциялық сот соңғы шешім шығарды.

Еске сала кетсек, 2023 жылдың қыркүйегінде тараптар келісімшартқа отырған болатын: жеке серіктес аймақта «Сергек» жүйесінің жұмысын қамтамасыз етуге тиіс еді. Алайда сот деректеріне қарағанда, жобаны іске асыру барысында шарт талаптарының бұзылғаны анықталған.

Бірінші сатыдағы сот компанияның келісімшартқа сай келмейтін жабдық орнатқанын дәлелдеп, мұны өрескел заңбұзушылық деп таныды. Апелляциялық алқа да осы қорытындыны қуаттады.

Сонымен бірге сот компанияны «адал емес мердігер» деп танудан бас тартты.

inbusiness.kz сайтына Қостанай облыстық сотының баспасөз қызметінің бас маманы Юлия Ярошенко жауап берген.

Бірінші сатыдағы сот жеке серіктестің келісімшарт шарттарын бұзғанын анықтады. Бұл келісімді бұзуға негіз болды. Апелляциялық алқа экономикалық соттың шешімін өзгеріссіз қалдырды. Тараптардың шағымдары қанағаттандырылмады. Сот шешімі заңды күшіне енді, – дейді ол.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *