Атырау маңынан дронға ұқсас бөлшектер табылды
Фото: видеодан скриншот
Әлеуметтік желілерде Атырау облысы аумағында ұшқышсыз ұшу аппаратының құлағаны туралы ақпарат тарап жатыр, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.
Бұл жағдайға қатысты өңірлік Полиция департаменті түсініктеме берді. Таралған мәліметке сәйкес, 27 наурыз күні таңертең жергілікті тұрғын полицияға белгісіз, ұшқышсыз аппаратқа ұқсас затты байқағанын айтқан. Оның сөзінше, жанып жатқан нысан Атырау қаласынан шамамен жеті шақырым қашықтықта табылған.
Хабарламада оқиға орнынан қозғалтқыш пен зақымданған бөлшектер анықталғаны, олардың композитті немесе көміртекті талшықтан жасалған болуы мүмкін екені айтылған.
Атырау облыстық Полиция департаменті бұл деректі растады, алайда табылған заттың нақты не екені әзірге белгісіз екенін жеткізді. ПД мәліметінше, қазіргі уақытта уәкілетті қызметтермен бірлесіп тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Нысан елді мекеннен тыс аумақта табылған. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда.
Пікірлер (0)