Азамат Әбілқайыр: "Соншама сорлы, соншама бишара болуға бола ма?"
Фотосуре тstan.kz сайтынан алынды
Қазақстандық телеарна журналисі Азамат Әбілқайыр Түркияда демалып жүрген видоесын жариялады. Ол шетелде түсірілген бейнеде орысша сөйлейтін қазақтарды "құл" деп атаған.
Журналистің сөзінше, Түркия әуежайына жиналған әр ұлт өз тілінде сөйлеп тұр. Ал бишара қазақ қана орыс тілінде шүлдірлеп тұр дейді.
"Міне, біз Анталия әуежайына келдік. Айналамда адамдар өте көп. Неше түрлі ұлттар мен қаншама елден келген адамдар толып жүр. Әрқайсы өз тілінде сөйлейді. Тек бейшара қазақтар ғана орыс тілінде шүлдір-шүлдір етеді. Соншама құл, соншама сорлы болғанда да сүйектен өтіп кеткені жаман екен ғой. Тіпті орыстар орысша, түріктер түрікше, испандар испанша, француздар французша сөйлеп жүр. Тіпті өз ағам өзбекше, қырғыз бауырларымыз да өз тілінде сөйлейді. Тек қазақтар ғана орысша шүлдірлеп тұр. Соншама сорлы, соншама бишара болуға бола ма? Тап осы Антальяның аэропортында, тап осы Түркияда орыс келіп желкеңнен түйгіштеп түрған жоқ”, – деді журналист.
Журналист басқа халықтың салт-дәстүрі мен мәдениетін құрметтеу керегін айтты. Сондай-ақ ағылшын тілі сияқты шет тілдерін білу қажеттігін мойындайтынын жеткізді. Алайда, видеоның соңында ол орыстілді қазақтарға қарата "құлдар" деген сөзді қайталап айтты.
Журналистің желіде жасаған мәлімдемесі қызу талқыға түсті. Желі қолданушылары наразылықтарын білдіріп, Әбілқайырды дөрекі әрі қорлайтын сөздері үшін айыптады.
Журналистің сөзіне саясаттанушы Ғазиз Әбішев жауап берді. Ол ұлттық салт-дәстүр мен мәдениетті құрметтеу дәрежесін қарым-қатынас тілі анықтамайтынын жеткізді.
"Қазақстан Конституциясының 19-бабының 2-тармағында "Әркімнің ана тілі мен төл мәдениетін пайдалануға, қарым-қатынас, тәрбие, оқу және шығармашылық тілін еркін таңдап алуға құқығы бар" делінген. Бұл қағиданы Негізгі Заңда бекіту оны жүзеге асырушылардың заңмен шектеліп қана қоймай, жалпыға бірдей моральдық нормаларды бұзбауын білдіреді", – деп жазды Әбішев.
Сондай-ақ басқа ДА желі қолданушылары мәлімдемеге өз пікірлерін жазып қалдырды.
"Егер сені бұл мәселе қатты алаңдатса, бір шешімін тап. Үгіт-насихатыңды жүргіз. Президентке үндеу жібер. Алайда экран арқылы ойыңа не келсе соны айтпа”, “Бәрі орыс тілінде сөйлеп жүрген жоқ. Біз қазақ тілінде сөйлесеміз. Қай тілде сөйлессе де әркімнің өз еркінде”, – деп жазды олар.
Өткен жылдың қазан айында ТМД-ға мүше мемлекеттің басшылары кеңесінің отырысында Тоқаев орыс тілінің маңыздылығын атап өткенімен, қазақ тілінің мәртебесін нығайту керегін айтқан еді. Сондай-ақол қазақ тілін одан әрі дамыту әрқашан мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының қатарында болатынын мәлімдеді.
Биыл сәуір айының ортасында Оқу-ағарту министрлігі орыстілді балалар мен басқа елдерден келетін балаларға қазақ тілін үйрететінін хабарлады. Осы мақсатта бөлім балабақшалар мен мектептерде "қазақ тілін ерте меңгеру" бағдарламасын жасайды. Шенеуніктер бұл "жас азаматтардың бойында қазақы бірегейлікті" қалыптастыруға септігін тигізетінін айтқан еді.
Пікірлер (1)
Өте дұрыс айтады. Өзінің пікірін ана тілігде жеткізіп айта алмаған адам 'өзге этносқа қызмет жасайтын адам, немесе құл.