қазақстандық спортшы мәреге 10,047 секундта жетті

Жаңалықтар
view 183
news

Фотосурет kaz.nur.kz сайтынан алынды

Қазақстандық велотрекші Андрей Чугай Париж Олимпиадасының іріктеу кезеңінде бақ сынады. 

Андрей Чугай спринт бағдарламасында сынға түсті. Бұл сайысқа 30 спортшы қатысты. 1/32 финалға өту үшін үздік 24 велотрекшінің қатарына кіру керек еді. Алайда қазақстандық спортшы мәреге 10,047 секундта жетіп, ең соңғы, 30-орынға жайғасты.

Еске салайық, қазақстандықтар Алексей Луценко мен Евгений Федоров Париж Олимпиадасында велоспорттан командалық сынға қатысқан еді. Луценко жарысты 52-орынмен аяқтаса, Федоров мәреге жете алмады. 

Қазір Қазақстан қоржынында Париж Олимпиадасының 1 алтын, 1 күміс, 3 қола медалі бар. Төрт жылдықтың басты бәсекесі 11 тамызға дейін жалғасады.

Айта кетейік, 7 тамыз таңертең Алматы әуежайына Қазақстанның спорттық гимнастика және оқ ату құрамасының мүшелері келіп қонды. Олардың қатарында Париж Олимпиадасының күміс және қола жүлдегерлері де бар.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *