Нұрсұлтан Тұрсыновтың жеке бапкері өз пікірін айтты

Жаңалықтар
view 227
news

Фото: olympic.kz

Грек-рим күресінен Қазақстан командасының мүшесі Нұрсұлтан Тұрсыновтың жеке бапкері Қанат Нұртазин ширек финалдық белдесуден соң өз пікірін айтты.

Нұрсұлтан Тұрсынов 87 келі салмақта Париж Олимпиадасының ширек финалына шығып, украиналық Жан Беленюктен 3:7 есебімен жеңілді.

"Басында бәрі жоспар бойынша келе жатқан. Бапкерлер қойған тактикамен сәтті бастады. Алайда, қарсыласы да оңай емес. Олимпиада чемпионы, әлем чемпионатының екі дүркін жеңімпазы. Кездесу біздің пайдамызға шешілмеді.

Десе де, мүмкіндік әлі бар. Егер Беленюк финалға шықса, Тұрсынов жұбаныш белдесуге қатысу мүмкіндігін алады", - деді Нұртазин. 

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *