Самирхон Абабакиров жеңіліс тапты

Жаңалықтар
view 134
news

Фото: olympic.kz

Таеквондодан Қазақстан командасының мүшесі Самирхон Абабакиров алғашқы жекпе-жегінде жеңілу себебін түсіндірді. 

"Жекпе-жек барысында өзіме өте сенімді болғам. Алайда, басымдықты ұстап тұра алмадым. Кездесу соңына қарай "жанып" кеттім.

Енді қарсыластың финалға шығуын күтеміз. Егер ол ақтық сынға дейін сүрінбесе, жұбаныш айналымына мүмкіндік болады.

Ал италиялық спортшы  бұл салмақтағы мықтылардың бірі. Бұрын да оған есе жібергенмін. Қателік өзімнен кетті", - дейді Абабакиров. 

Қазақстандық спортшы италиялық қарсыласына 1:2 есебімен жол берген болатын. 

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *