«Бозоқ аруы» бейнесімен дауыс беруге келді

Қосшы жаңалықтары
view 20
news

фотосурет

Қосшы қаласындағы №740 сайлау учаскесіне Қосшы қаласы Аналар кеңесінің төрайымы Әйгерім Асхатқызы Көкеева ерекше ұлттық-тарихи нақыштағы «Бозоқ аруы» киім үлгісімен келіп, өз таңдауын жасады, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.

«Бозоқ аруы» бейнесінің негізі Астана іргесіндегі ортағасырлық Бозоқ қалашығында жүргізілген археологиялық қазба жұмыстары кезінде табылған жәдігерлермен байланысты.

Бозоқ қалашығы елорда тарихының терең тамырын танытатын маңызды археологиялық ескерткіштердің бірі саналады. Белгілі археолог-ғалым Кемел Ақышев бастаған зерттеу жұмыстары кезінде осы аумақтан қыпшақ дәуіріне тиесілі әйел адамның жерлеу орны табылған. Зерттеушілердің назарын әсіресе киімі мен әшекейлерін көмкерген жүздеген інжу-маржан аударған.

Осы тарихи деректер негізінде қалыптасқан «Бозоқ аруы» бейнесі – қазақ әйелінің сұлулығын, тектілігін, ұлттық мәдениет пен тарихи сабақтастықты танытатын символдық образ.

Сайлау учаскесіне осындай ерекше киім үлгісімен келген Әйгерім Көкеева азаматтық таңдау мен ұлттық құндылықтарды үйлестіре отырып, көпшілік назарын тарихи мұраға аударды.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *