Елімізде 3 мың адам жазықсыз сотталып кете жаздаған
Жаңалықтар
106
Фото: ашық дереккөз
Бүгін Бас прокуратура 2025 жылдағы жұмысын қорытындылап, бірнеше мәселеге қатысты статистика ұсынған, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.
Берік Асылов азаматтарды заңсыз қылмыстық істерге тарту мәселесіне баса назар аударды.
Биыл 3 мыңнан астам адамның заңсыз түрде қылмыстық орбитаға тартылуының жолы кесілді. Азаптау фактілерінің саны бірнеше есе азайды. Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде азаптауға жол берілген жоқ, суицидтер саны 27% қысқарды, - деді Бас прокурор.
Сондай-ақ сотталып кеткен азаматтар арасында жұмысқа орналасқандардың саны 15-ке көбейген.
Пікірлер (0)