«Таңнан кешке дейін іштік»: Танымал визажист Әлия Назарбаева туған күнін қалай өткізгенін айтты

Жаңалықтар
view 209
news

Фото: Instagram/Алия Назарбаева

Визажист Роберт Минасян Қазақстанның экс-президентінің кенже қызы Әлия Назарбаеваның туған күніне байланысты Алматыға жасаған сапары туралы айтты, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.

 

Ulysmedia.kz порталының жазуынша, Минасян Әлия Назарбаева өзін мерекелік макияж жасау үшін қомақты гонорарға арнайы шақырғанын айтқан. Ол экс-президенттің кенже қызының үйінде бес күн болған.

Мен алғашқы «Биркин» сөмкесін шамамен 20 жыл бұрын Алматыда көрдім. Қысқасы, Әлия Назарбаева мені туған күніне макияж жасау үшін шақырды. Мен арнайы Мәскеуден ұшып бардым. Олардың үйінде бес күн болдым, көңіл көтердік. Таңнан кешке дейін іштік. Жақсы ақша таптым, бір макияж үшін маған «ондық» берді. Ол мені өзінің құрбысы Светамен таныстырды. Оны Қазақстанның «алмаз ханшайымы» деп атайды, елдегі бүкіл алмаз бизнесі соның қолында. Ол үйіне 50 мың доллар тұратын сөмкемен келген, – деді Роберт Минасян Рустам Солнцевке берген сұхбатында (@solncevrusya).

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *