Елордада шахматтан әлем чемпионаты басталады

Спорт
view 395
news

Зияткерлік сайыстың бас жүлдесін ресейлік Ян Непомнящий мен қытайлық Дин Лижэнь сарапқа салады, деп хабарлайды Jańa Bastau газеті  «Хабар 24» ке сілтеме жасап. Қазақстан әлемдік бәсекені алғаш рет қабылдап отыр. Бұл біріншілік Мексикада өтуі тиіс еді, алайда тараптар келісімге келе алмады. Кейін таңдау Астанаға түсіпті. Әлем чемпионатының жалпы ұтыс қоры 2 млн еуроны құрайды. Қаржының 60%-і жеңімпазға беріледі. Қалғанын екінші ойыншы еншілейді. Шахмат тәжінің иегері 14 партияда анықталады. Алғашқы 40 жүріске 120 минут уақыт беріледі. Келесі 20 жүріс 60 минуттан тұрады. Қалған жүрістерге 15 минут тиесілі. Егер таразы басы тең болса, қарсыластар рапид ойнайды.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *