«Еңбегім саған, елім»: Қосшыда Республика күні қарсаңында жас ақындар айтысы өтті

Қосшы жаңалықтары
view 24
news

Фото: Қосшы қаласы әкімдігі

Республика күні қарсаңында қоғамдағы еңбек адамдарын насихаттау мақсатында «Еңбегім саған, елім» деген атаумен Қосшы қаласында аймақтық жас ақындар айтысы өтті, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.

Айтысқа қала әкімі Азамат Есімұлы арнайы келіп, қатысушыларға сәттілік тіледі. Іс-шараны айтыскер ақын, «Алтын домбыра» иегері Еркебұлан Қайназар жүргізді.

Қазылар алқасының құрамында ҚР еңбек сіңірген қайраткері Ерболат Шалдыбеков, ақын әрі ғалым Әсем Ережеқызы, сондай-ақ ақын Бауыржан Қарағызұлы болды.

Қала әкімінің орынбасары Берген Жұмкей өз сөзінде көрермендерге алғыс білдіріп, Қосшы қала мәртебесін алғалы жыл сайын дәстүрге айналған бұл айтыстың маңыздылығы мен рухани тәрбиелік мәніне тоқталды.

Он екі жас ақын сөз сайысына түсіп, көрерменге тамаша рухани әсер сыйлады.

Бас жүлдені Сырым Нығызбаев (500 000 теңге) жеңіп алды. І орын Мұхтар Қонарбаевқа (300 000 ), ал ІІ орын Нартай Тілеуқұл және Нәрия Ақбабақызына (әрқайсысы 200 000 теңгеден) бұйырды.
ІІІ орынды Берденбек Мырзат, Нұрмахан Жақыпбек және Таңжарық Ержан (әрқайсысы 150 000 теңгеден) өзара бөлісті.

Қалған бес қатысушы — Марсел Ерсайынов, Ұлан Қазымбек, Айсұлу Жүнісбек, Тоқтасын Семейхан және Ерсұлтан Аушанов айтысқа белсенді қатысқандары үшін 100 000 теңгеден ынталандыру сыйлықтарына ие болды.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *