Еңбек нарығындағы өзгерістер
            
            Экономика
            
                 4978
                4978
            
        
        
                            2023 жылдың бірінші тоқсанындағы орташа айлық жалақы Қазақстанда 340 636 теңгені құрады. Ұлттық статистика бюросының мәліметтері бойынша, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда бұл көрсеткіш 19,3% - ға өсті. 
Қосшы қаласында осы жылдың 1 мамырында жұмыспен қамтылған халық саны 26 649 адам. Ресми дерек бойынша жұмысқа орналасу мәселесі бойынша – 579 адам, 203 адам жұмысқа орналастырылды, жұмыссыздар саны – 253 адам. 410 жаңа жұмыс орны құрылды, оның ішінде тұрақты 362, уақытша 34. Қала халқының жан басына шаққандағы ең төменгі күнкөріс деңгейі орташа есеппен 48 955 теңгені құрады, 114,6% - орташа облыстық күнкөріс деңгейімен арақатынас. Есепті күнге орташа айлық жалақы 303 712 теңгені құрады (кәсіпкерлік қызметпен айналысатын шағын кәсіпорындарды есептемегенде). Орташа жалақының орташа облыстық деңгейіне қатынасы 111%.
Жалпы, соңғы 9 жылда орташа айлық жалақы бойынша ең жоғары өсім келесі салаларда байқалады:
        - әкімшілік және қосалқы қызмет көрсету саласындағы қызмет (+270%);
- құрылыс (+265%);
- білім (+253%);
- ақпарат және байланыс (+223%);
- тұрғын үй және тамақтану қызметтерін ұсыну (+218%).
Жасын Жолмырза
 
                                     
                                     
                                     
                                     
                                     
                 
                 
                 
                 
                                 
                                 
    
Пікірлер (0)