Жұмысқа орналасу бәсекелестігі артып келеді
Экономика
2468
Күн өткен сайын қоғам үшін «жұмысқа орналасу» мәселесі өсіп келеді. Бұл ел экономикасына тікелей байланысты. Елімізде кәсіптік, ғылыми және техникалық қызмет (-2,9%, 7,3 мың адам), өнер, ойын-сауық және демалыс (-2,7%, 3,7 мың адам), сондай-ақ қаржылық және сақтандыру қызметі (-2,2% , 4,1 мың адам) салаларында жұмысқа тұру дерегі төмендеген.
Осы мәселелердің алдын алу мақсатында мемлекет жұмыспен қамту орталықтарын іске қосқан. Еңбек нарығына қатысты «Алдағы уақытта жұмыс орындары үшін бәсекелестік артады. Болжам бойынша, алдағы он жылда елде 200-ден астам жаңа кәсіп пайда болады және 95-і өзгеруде, жалпы елдегі жұмыс орындарының жартысынан көбі автоматтандыру қаупі жоғары. Сонымен қатар, алдағы бес жылда кәсіптік дағдылардың шамамен 40% өзгеретіні көрсетілген. Осыған байланысты әрбір екінші қызметкер еңбек нарығында өзінің сұранысын сақтау үшін қайта біліктіліктен өтуге мәжбүр болады. Сонымен қатар, жақын арада еңбек нарығында еңбекке қабілетті жастар ағынының артуы күтілуде», – дейді сарапшы Айман Жүсіпова.
2023 жылдың мамыр айының соңында Қазақстанның электрондық еңбек биржасында 341 мың бос жұмыс орны орналастырылды. Салалар бойынша ең көп ұсыныстар келесі салаларға түскен: білім - 74 654 бос жұмыс орны; денсаулық сақтау – 35 815; өңдеу өнеркәсібі-32 614; құрылыс-28 341; көтерме және бөлшек сауда-26 661 бос жұмыс орны. Өз кезегінде үміткерлер көбінесе келесі мамандықтар бойынша түйіндеме берді:
- сату жөніндегі менеджер, клиенттермен жұмыс жөніндегі менеджер;
- есепші;
- инженер-конструктор, инженер-жобалаушы;
- әкімші;
- жүргізуші;
- сату менеджері;
- сатушы-кеңесші,
- сатушы-кассир;
- мұғалім, оқытушы, педагог;
- даяшы, бармен, бариста;
- бағдарламашы, әзірлеуші.
- Жұмыс және лайықты қызметкерлерді іздеу бойынша тегін сервис
- Мемлекеттік қызметтер және жұмыспен қамтуды қолдау шаралары
- Ерікті түрде қоныс аудару бойынша консультациялық қызметтер алу
Жасын Жолмырза
Пікірлер (0)