Ер адам туған қызын 16 рет пышақтап өлтірген: Вице-министр іске қатысты мәлімдеме жасады
Фото: ОКҚ
Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов Алматы облысындағы 15 жасар мектеп оқушысының өліміне байланысты 99-бап бойынша іс қозғалғанын айтты, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.
ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: Талғарда тағы да сұмдық оқиға: Ер адам туған қызын 16 рет пышақтап өлтірген
«Түнімен далада жүрген»: Астанада мәйіті табылған оқушы қыз туралы тың дерек шықты
Астанада жоғалған оқушы қыздың денесі өзеннен табылды
Алдын ала ақпаратқа сәйкес, Талғар ауданында ер адам мен қызының арасында жанжал туындап, содан кейін әкесі жасөспірім қызын 16 рет пышақтаған.
Ер адам қамауға алынған. Әділов ер адамның мас күйінде болғанын атап өтті.
Қазіргі таңда аталған іс бойынша Қылмыстық Кодекстің 99 бабы бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдікті қамауға алынды. Бұл деректі растаймын. Қылмыс қаруы, пышақ, тәркіленді. Ер адам мас күйінде болған. Біз оқиға орнын тез арада тексеріп, күдіктіні ұстадық. Қазіргі уақытта бірқатар сот-медициналық сараптамалар жүргізілуде. Қосымша сот-психиатриялық сараптама да тағайындалды. Барлық процедуралар аяқталғаннан кейін іс сотқа жолданады”, – делінген хабарламада.
Ішкі істер министрлігі тергеу аса ауыр қылмыс ретінде жүргізіліп жатқанын атап өтті.
Пікірлер (0)