Ержан Сәденов: ережені бұзбаса, айыппұл салынбайды

Жаңалықтар
view 51
news

Сурет: Ашық дереккөзден

ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі іске қосқан подкастта ішкі істер министрі Ержан Сәденов резонанс тудырған бірқатар сұраққа жауап берді, оның ішінде жақында пайда болған «Штрафстан» түсінігіне қатысты сауал да болды. 

«Меніңше, бұлай ережені бұзатындар айтады. Қоғамның бір бөлігі, әрине, түсінеді. Біз бірқатар заңнамалық шара қабылдадық, кейбірі қатаң шығар, бірақ онсыз тәртіп орнату мүмкін емес деп ойлаймын. Ережені бұзбасаңыз, айыппұл салынбайды. Адамдар осыны түсінуі керек. Ал жағымсыз сөзді айтатындар өз мемлекетін, Отанын құрметтемейтін болар. Ол адам өзіне қарап алуы керек. Ол неге бұлай істей? Тәртіпті бұзба, түкірме. Бұл қарапайым ғана нәрсе. Бұл мәдениет», – деді еліміздің бас полицейі. 

Ержан Сәденов полиция барынша көп айыппұл жинауды мақсат етіп отырмағанын атап өтті.

«Жалпы полицияның мақсаты профилактика, заң арқылы қоғамның санасына жеткізе отырып, алдағы уақытта құқық бұзушылықтардың азаюына қол жеткізу екенін атап өткен жөн. Яғни, қоғамның өзі бұлай істеуге болмайтынын түсінуі керек. Біздің қоғам, мемлекетіміз, халқымыз бұған жақын арада қол жеткізеді деп ойлаймын», – деді ІІМ басшысы.

Сонымен қатар Ержан Сәденов «Заң мен тәртіп» қағидаты біздің қоғамға генетикалық деңгейден тән екенін айтты.

«Жеті жарғы» заңдар жинағы бар, дала заңдары болған. Тәртіп бұзба. Тәртіпті бұзсаң, жауап бересің», – деді ол.  

Ведомство басшысы жазаның бұлтартпаушылық қағидаты құқықтық тәртіп пен заңдылықты сақтауға жағдай жасайтынын атап өтті.

Толық шығарылымға сілтеме: https://youtu.be/LPjytyehuis

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *