InDrive-тан мәлімдеме: 19 жастағы қызға қысым көрсеткен жүргізуші біржола сервистен шығарылды

Жаңалықтар
view 186
news

Фотосурет ашық дереккөзден

Астанада 19 жастағы қыз InDrive қосымшасы арқылы шақырылған такси жүргізушісінің сексуалдық сипаттағы әдепсіз әрекеттерінің құрбаны болған. Осыған байланысты inDrive ресми мәлімдеме жасады, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі. 

JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігіне хабарласқан inDrive ресми өкілі:  “Біз оқиға туралы ақпарат алған сәттен бастап бірден мұқият тексеру жұмыстарын бастадық. Қыздың мұндай күйзеліске тап болғанына шын жүректен өкініш білдіреміз. Біз онымен бірден байланысып, шын ниетпен кешірім сұрадық. Мұндай әрекетке енді жол берілмейтінін, бұл жүргізуші сервистен біржола шығарылғанын мәлімдейміз. Қыздың батылдығы мен әділеттілікке деген ұмтылысын қолдаймыз, әрі қажет болған жағдайда қолдау көрсетуге дайынбыз. Қолданушылардың, әсіресе әйелдердің, қауіпсіздігі біз үшін әрдайым басты басымдық болып қала береді. Жүргізушілерді тексеру жүйесін күшейтіп, қосымшамызда сапардың қауіпсіздігі пен жайлылығын арттыру үшін барлық қажетті шараларды жасап жатырмыз. Келіп түскен әр шағымды байыппен зерттеп, ресми сұраныс түскен жағдайда құқық қорғау органдарымен ынтымақтастыққа әрқашан дайынбыз.

Біз мұндай жағдайлардың жария түрде айтылғаны маңызды деп санаймыз. Сондай-ақ қолданушылардан кез келген құқықбұзушылық туралы қосымшаның қолдау чатына хабарлауды сұраймыз.

Егер сапар барысында өзіңізді қауіпсіз сезінбесеңіз, келесі нақты қадамдарды орындауға болады:

 • “Қалқан” түймесін басу – қауіпсіздік функциялары бар мәзір ашылады, сол жерден қолдау чатына жазуға болады

 • Қосымшаның жиектегі мәзіріндегі “Қауіпсіздік” бөліміне кіріп, сол жерге шағым қалдыру

 • Егер сапар басынан-ақ жайсыз көрінсе – оны тоқтатуға және пікір қалдыруға болады, бұл пікірді қолдау қызметі қарап шығады

 • Сапар соңында төмен баға қойып, пікір жазуға болады – мұндай жағдайлар да бақыланады

Қосымшада енгізілген қауіпсіздік функциялары:

— Сапарды жақын адамдарыңызбен бөлісу

— “112” нөміріне қоңырау шалу

— Шұғыл жағдайда байланысатын адамның нөмірін қосу мүмкіндіктері бар", деп айтты. 

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *