Қала тұрмысы түзеліп келеді

Қосшы жаңалықтары
view 3163
news

Ақмола облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында Қосшы қаласының әкімі Гайдар Қасенов 2023 жылдың 9 айдағы әлеуметтік-экономикалық дамуы бойынша есеп берді.

- Қаламыз халық саны өсімі ең жоғары өңірге айналды. Қазіргі уақытта ресми тіркелген халық саны 54 мыңнан асты. Былтыр 30 шақырым су желісі салынды, 1500 жеке үй су жүйесіне қосылды, ағымдағы жылы 50 шақырым су құбырын жүргізу жоспарланды, жобаны 2024 жылы аяқтаймыз,– дей келе өңірдің дамуының негізгі көрсеткіштеріне тоқталды. Құрылыстардың жылдам қарқынмен салынуына байланысты электрмен жабдықтау қажеттілігі күн сайын артуда. Бас жоспарда қуаты 40 мега ватт болатын екінші қосалқы станцияны орналастыру жоспарланған. Қазіргі уақытта желілерді толық түгендеу жүргізілді, электр желілері бойынша жөндеу, қалпына келтіру жұмыстары жалғасуда. Қала Орталық қазандық арқылы жылумен қамтамасыз етіледі. Қуаты сағатына – 75 гикакалория. Жылу энергиясының тапшылығы 5 Гкал құрайды. Қуатын сағатына 96 Гкал-ға ұлғайту бойынша жоба әзірленіп, сараптамаға жіберілді, жобаның құны – 9,5 млрд. теңге. Газбен жабдықтаудың техникалық шарттары 23 мамырда Астана қаласынан алынды. Газ желісіне қосылу нүктесі белгіленді, оның көлемі сағатына 32,8 мың текше метрді құрайды. Қазіргі уақытта газ құбырын жобалау жұмыстары аяқталып, сараптамадағы ескертулер түзетілуде. Жол құрылысы 4 жоба негізінде жүргізілуде. Осы уақытқа дейін 35 шақырымнан асатын жол салынып, жөнделді. Ағымдағы жылы 1417 жаңа жұмыс орны құрылды, оның 1284-сі –тұрақты орындар. Жыл соңына дейін жеке инвестициялық жобаларды іске асыру есебінен тағы 300-ге жуық жұмыс орнын ашу жоспарланған. Қалада 7 орта білім беру мектебі, 31 мектепке дейінгі ұйым бар. Биыл жаңадан екі мектеп ашылды, оның біреуі жеке инвестициялар есебінен, нәтижесінде үш ауысымдық оқыту толығымен жойылды. Келер жылы 1 200 орындық тағы бір мектепті қолданысқа беріледі. «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 2024-2025 жылдары 3 мектеп салу жоспарланды. 350 орындық көпбейінді аурухананы жобалау жүргізілуде, жер учаскесі анықталды. Сондай-ақ, Кешенді жоспарға 6 бригадаға арналған жедел жәрдем станциясын салу бойынша ұсыныс енгізілді. Облыстық бюджет есебінен дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы жүргізілуде. Ол 2024 жылдың 1 тоқсанында халық игілігіне берілмекші. Жеке инвестициялар есебінен жанында 500 адамдық асханасы бар мешіт құрылысы жүргізілуде. Сондай-ақ 400 орындық мәдениет үйі жобасы әзірленді. Өрт сөндіру қызметі ғимаратының құрылысы жалғасуда. Халықты қолжетімді бағадағы баспанамен қамту мақсатында 45 пәтерлі тұрғын үй салынып жатыр.  

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *