Көкшетаудағы NIS мұғалімі «Жыл ұстазы» төсбелгісінің иегері атанды
Руханият
591
Дубайда өткен халықаралық семинарда Көкшетау қаласындағы NIS мұғалімі Гүлдана Құрманәлі «Жыл ұстазы» төсбелгісінің иегері атанды.
Шілде айының 1-5 шілде аралығында БАӘ астанасы Дубай қаласындағы «Amity University»-де «Болашақ білім: инновациялық технологиялар және Smart оқыту» тақырыбындағы халықаралық ғылыми-тәжірибелік, педагогикалық семинар өтті. Мақсаты – білім беру саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыру.
Аталған семинарға Көкшетаудағы NIS-тің химия-биология пәнінің мұғалімі Гүлдана Құрманәлі қатысып, «Оқушылардың зерттеушілік дағдысын 5W сұрақтары арқылы дамыту» тақырыбын ағылшын тілінде қорғап, сарапшы мамандардың жоғары бағасын алды. Нәтижесінде «Жыл ұстазы» төсбелгісінің және І дәрежелі дипломның иегері атанды.
Көкшетаудағы NIS баспасөз қызметінің мәліметінше, Гүлдана Құрманәлінің еңбегі бұған дейін де Стамбулда өткен ғылыми конференцияда жоғары бағаланды. Білікті ұстаздың оқушылары – республикалық, халықаралық жобалардың тұрақты жеңімпаздары.
– Университет сарапшылары тарапынан да сұрақтар қойылды. Барлығына жауап бердім. Өз зерттеуім болғандықтан, қиындық туғызбады. Іс-әрекетті зерттеудегі тәжірибеммен бөлісіп, семинарға Қазақстаннан барған мұғалімдер зерттеулері ішінен қазылардың шешімімен жоғары ұпайға ие болдым, – дейді Гүлдана Қуантқанқызы.
Пікірлер (0)