Қосшы қалалық полиция бөлімі ескертеді!
Қосшы жаңалықтары
453
Құрметті Қосшы қаласының тұрғындары мен қонақтары!!!
- Крещение мерекесінде рұқсат етілмеген жерлерде суға түсу өмірге қауіп төндіреді.
- Қосшы қалалық полиция бөлімі қала тұрғындарын арнайы дайындалған орындарында ғана шомылуға шақырады. Өйткені сол жерде ғана азаматтардың қауіпсіздігі қамтамасыз етіледі.
- Бұл орындарда полицейлер, құтқарушылар мен дәрігерлер кезекшілік етеді.
- Көрсетілген орындар белгіленген стандарттарға сәйкес жабдықталады, мұнда қосымша жылытуға және киім ауыстыратын бөлмелерге арналған шатырлар орналастырылады.
Ұсыныс.
- Су толы шұңқырға алдымен аяқты батыру керек, бірден баспен суға кіруге болмайды.
- Суда жүзу ұсынылмайды, суда бір минут қана болу жеткілікті.
- Дененің жайлылығына кепілдік беру үшін түкті сүлгіні алдын ала әзірлеп алған жөн, суға кіргеннен кейін үш рет шомылыңыз, содан кейін сыртқа шығып, сүлгімен денені ысқылаңыз.
- Бір кесе ыстық кофе немесе шай ішуге болады.
- Ешбір жағдайда күшті алкогольдік сусындарды ішкен күйде суға шомылуға болмайды.
- Қосшы қалалық полиция бөлімі рұқсат етілмеген жерлерде суға түсу өмірге қауіп төндіретінін ескертеді!
Оқи отырыңыз
Қосшы жаңалықтары
Ауылдың қала мәртебесін алуына біз ықпал еттік
Қосшы жаңалықтары
Жүз пайыз қазақы қала болатынына сенемін
Пікірлер (0)