LRT жұмысы қашан аяқталады: Жеңіс Қасымбек жауап берді
Фото: Астана қаласы әкімдігі
Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте LRT жұмысы қашан аяқталатынын айтты, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.
ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: Алтай Көлгінов LRT жобасына қатысты пікір білдірді
Астанада LRT-да жұмыс істеуге мамандар қабылдап жатыр
Астанадағы LRT-ның келесі желісі Қосшы бағытымен салынады
LRT тестілік режимде жұмыс істеп тұр. Айдың соңына дейін барлық вагондар жеткізіледі деп күтілуде. Станциялардың ішкі безендіру жұмыстары аяқталып жатыр. Келесі екі ай ішінде дайындық жұмыстары толық аяқталады, – деді Астана әкімі.
Жеңіс Қасымбектің айтуынша, келесі жылы LRT жолаушылар тасымалын бастайды.
Сонымен қатар 9 жылдамдықты көлік дәлізінің іске қосылуы қоғамдық көліктің қарбалас уақыттағы орташа жылдамдығын 30%-ға арттырады. Автобустар қозғалысының интервалын 8 минутқа дейін қысқартады, – деп атап өтті ол.
Пікірлер (0)