ОБЛЫСТЫҚ ЖАС АҚЫНДАР МҮШАЙРАСЫ ӨТЕДІ

Жаңалықтар
view 157
news

Сурет: Ашық дереккөзден

Қосшы қаласы мәслихатының ұйымдастыруымен Қазақстан мәслихаттарының 30 жылдығына, Қосшы қаласының 3 жылдығына және Қазақстан халқы тілдерінің күніне орай «Қосшы деген қала бар - Сарыарқада» облыстық жас ақындар мүшайрасы өтеді.

  • Мүшайраға Ақмола облысының 16-35 жас аралығындағы жас ақындары қатыса алады.
  • Ақындар Қосшы қаласына арналған поэзия жанры бойынша өлеңдерін 2024 жылғы 31 тамызға дейін ұсыну қажет.
  • Мүшайраға компьютерде терілген шығармалар қабылданады. Шығармаларды қабылдау үшін әр қатысушы өзінің толық аты-жөні, өзі туралы толық мағлұмат (жасы, байланыс нөмірі, тұрғылықты мекен-жайы, жұмыс немесе оқу орны, шығармашылық өмірбаяны) ұсынылған өтінім парағын толтырып жіберуі тиіс.  
  • Сапалы орындалған жұмыстар ғана қабылданады (қолжазбалар байқауға жіберілмейді).
  • Келіп түскен өлеңдер сараптама кезеңіне нөмірленіп, бүркеншік атпен ұсынылады. Яғни сарапшылар авторға емес, тек шығармаға баға береді.

Мүшайраның марапаттауы 2024 жылғы 5 қыркүйек күні 16:00-де Қосшы қаласында өтеді (өтетін орны қосымша хабарланады).
Жеңімпаздары дипломдармен, алғыс хаттармен және қаржылай сыйлықтармен марапатталады.

Байланыс нөмірі: 87755451097, Сымбат Бауыржанқызы

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *