TikTok-та құмар ойын ұйымдастырғандар сотталды
Сурет: Ашық дереккөзден
«TikTok» әлеуметтік желісінде құмар ойындарын ұйымдастырғаны және өткізгені үшін кінәлілер сотталды, - деп хабарлайды janabastau.kz Астана қаласының прокуратурасына сілтеме жасап.
Сот үкімімен 2 астаналық азамат Қазақстан Республикасының ойын бизнесі туралы заңнамасында белгіленген орындардан тыс жерлерде құмар ойындарды ұйымдастырғаны және өткізгені үшін 4 жылға бас бостандығынан айырылды.
– Кінәлі тұлғалар «TikTok» әлеуметтік желісінде құмар ойын ұйымдастырып, жалпы сомасы 34 млн теңгеден астам табыс тапқан.
Ойынның шартына сәйкес, тікелей эфирге қосылған азаматтар 500-ден 4000 теңгеге дейінгі мөлшердегі белгіленген соманы ұйымдастырушының есепшотына есімін және ұтыс алу үшін жеке телефон нөмірін көрсете отырып жолдайды. Бір ойын тек екі қарсыластың арасында өтеді.
Бәс жеңімпазы 3 ойын текшесін айналдыру арқылы анықталады. Ең көп ұпай жинаған ойыншы жеңімпаз атанады, – делінген прокуратура хабарламасында.
Үкім заңды күшіне енді.
Пікірлер (0)