Өңір басшысы дене шынықтыру – сауықтыру кешенінің құрылысымен танысты
Спорт
1833
Қосшы қаласында алуан түрлі жаңа құрылыстар бой көтеруде. Атаулы жобалардың ішінде бұқаралық спорт түрін дамыту бойынша түрлі жұмытсар жүргізіліп жатыр.
Осыған орай Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев Қосшы қаласына сапарлай келіп, жаңадан салынып жатқан дене шынықтыру – сауықтыру кешенінің құрылысын көзден кешірді.
"АҚ Sonstruction Company" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі учаскесінің бастығы Ерлан Каленов іргелі жұмыстар кестеге сәйкес жүргізіліп жатқанын, инженерлік желілер жүргізілгенін айтты.
Екі қабатты спорт кешенінде тренажер және күрес залдары, бассейн, түрлі спорт түрлеріне арналған ойын алаңдары, аумақта – воркаутқа арналған тренажерлер мен снарядтар орналасатын болады. Күніне 300-ге жуық адам спортпен шұғылдана алады.
Өңірде ақсап тұрған спорт саласының және спорттық шараларды өткізетін, дайындайтын кешеннің тапшы болу мәселесі шешілді. Енді қаламызда спортпен шұғылданамыз дейтін адамдар үшін бұл кешен арнайы жаттықтыратын, республикалық байқауларға дайындайтын маңызды орын болмақ.
Тілеубек БАТЫС
Пікірлер (0)