️Қосшыда балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі ашылды
Спорт
2115
Бұл қаладағы мемлекет тарапынан ашылған тұңғыш спорт нысаны. Балалар мен жасөспірімдер мектебінде спорттың 13 түрінен, атап айтқанда, дзюдо, қазақ күресі, таеквондо, грек-рим күресі, еркін күрес, бокс, каратэ-до, шахмат, тоғызқұмалақ, үстел тенисі, волейбол, баскетбол, футбол секциялары жұмыс жасайды. Спортпен шұғылдануға арналған ринг, палуандарға арналған кілем, татами және тағы да басқа қажетті құрылғылармен жабдықталған.
Спорт мектебінің директоры- Кәрімжан Нұржан Мыңжасарұлы - ҚР бокстан халықаралық дәрежедегі спорт шебері, 1999 жылы Жеңіл салмақ дәрежесінде Софиядағы "ашық ринг" жастар турнирінде және Ташкенттегі Азия чемпионатында үздігі, 2000 жылы Мәскеуде өткен халықаралық турнирдің күміс жүлдегері, Сиднейде және Афинада өткен жазғы Олимпиада ойындарында елдің намысын қорғаған, 2001 жылы Осакадағы Шығыс Азия ойындарында жеңімпазы, 2002 жылы Пусандағы Азия ойындарында алтын медаль иегері. Мемлекеттік "Дарын" жастар сыйлығының лауреаты.
Сондай-ақ бұл мектепте Калықұлов Мұрат Жасұзақұлы- дзюдодан халықаралық дәрежедегі спорт шебері Афинада өткен олимпиада ойындарының қатысушысы, Абуталипов Қанат Қалелжанұлы- бокстан ҚР еңбек сіңірген спорт шебері, Бейжінде және Лондонда өткен 2- олимпиада қатысушысы, WSB сериясының жеңімпазы, «Астана Арланс» клубының мүшесі, Игібаев Азамат Маратұлы - бокстан ҚР еңбегі сіңірген жаттықтырушы, әлем чемпиондары Айбек және Нұрбек Оралбайлар жаттықтырушысы, Алдабеков Айтжан Бейсенбайұлы - таеквандо жаттықтырушысы, таеквандодан Жасөспірімдер арасында тұңғыш Әлем чемпионы Бахытжан Абілхасанның жаттықтырушысы бұдан былай Қосшы жастарын жаттықтыратын болады.
Құтты болсын, құрметті қосшылықтар!
Пікірлер (0)