«Қазақстан Республикасының Конституциясы – мемлекеттің негізгі заңы» тақырыбында жас мамандармен кездесу өтті

Жаңалықтар
view 35
news

Фотосурет: дереккөз

Қосшы қаласында жастар арасында құқықтық мәдениетті қалыптастыру, Конституцияның маңызын түсіндіру мақсатында Қосшы қаласының №4 жалпы орта білім беретін мектебінің жас мамандармен кездесу ұйымдастырылды, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ.

Спикер: Жастар ресурстық орталығының жастармен жұмыс маманы Мәншүк Оразбекқызы. 

Кездесу барысында Қазақстан Республикасының Конституциясының қоғамдағы орны мен рөлі, азаматтардың құқықтары мен міндеттері кеңінен талқыланды.

Қатысушылар өз ойларын ортаға салып, пікір алмасты. Іс-шара барысында жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру, азаматтық жауапкершілікті қалыптастыру мәселелеріне ерекше көңіл бөлінді.

Мұндай кездесулер жастардың белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастыруға, ел дамуына бей-жай қарамайтын саналы ұрпақ тәрбиелеуге ықпал етеді.

15 наурыз күні өтетін референдумда әр дауыс маңызды. Әрбір азаматтың таңдауы – ел болашағына қосқан үлесі.

Белсенді болайық!

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *