Қосшы қаласының 5 жылдығына орай ұршық иіруден мәдени шара өтеді
Қосшы жаңалықтары
22
Фотосурет: дереккөз
Қосшы қаласының 5 жылдығына орай ұршық иіруден ауқымды мәдени іс-шара ұйымдастырылады, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.
Шараның мақсаты – ұлттық қолөнерді дәріптеп, ұршық иіру дәстүрін кейінгі ұрпаққа насихаттау.
Ұйымдастырушылар ұршық иіре алатын және осы өнерге қызығушылық танытатын аналарды, әжелерді, қыз-келіншектерді іс-шараға қатысуға шақырады.
«Ұршықтың әр иірімі – ата-баба аманаты, әр тал жіп – ұлттық мұрамыздың жалғасы. Келіңіздер, ата-бабамыздан мирас болған асыл өнерді бірге жаңғыртып, ұлттық құндылықтарымызды ұлықтайық», – делінген ұйымдастырушылардың үндеуінде.
Іс-шара 21 шілде күні өтеді. Қосымша ақпаратты +7 702 667 04 83 телефон нөмірі арқылы алуға болады.
Пікірлер (0)