Қосшыда V «Қосшы аруы» қалалық сұлулық байқауы өтуде
Фотосурет: дереккөз
Бүгін Қосшы қаласында ерекше сән-салтанатымен, әсемдігімен және рухани мазмұнымен айшықталған V «Қосшы аруы» қалалық сұлулық байқауы өтуде.
Дәстүрлі түрде ұйымдастырылып келе жатқан бұл байқау жыл сайын жас арулардың бойындағы сұлулық пен нәзіктікті ғана емес, олардың парасаттылығы мен жан-жақтылығын танытатын маңызды мәдени шараға айналды.
«Қосшы аруы» – сыртқы келбетті бағалаумен шектелмейтін, қатысушылардың ішкі мәдениеті, сөйлеу мәнері, сахнадағы өзін-өзі ұстауы, өнері мен шығармашылық қабілеті сараланатын байқау. Әрбір қатысушы көрерменге өзіндік ерекшелігін, талғамын, дүниетанымын паш етуге мүмкіндік алады.
Сайыс барысында арулар бірнеше кезең бойынша сынға түсіп, өз өнерлерін ортаға салады. Бұл байқаудың басты мақсаты – жастар арасында ұлттық құндылықтарды насихаттау, қазақ қызына тән ибалықты, әдептілікті, сұлулық пен білімді ұштастыра білетін жаңа буын өкілдерін қолдау.
Сонымен қатар, жас арулардың өз-өзіне деген сенімін арттырып, шығармашылық тұрғыда дамуына жол ашу да – іс-шараның негізгі міндеттерінің бірі.
Қаламыздың мәдени өмірінде айрықша орын алатын бұл байқау көрермендерге көтеріңкі көңіл күй сыйлап, қатысушылар үшін үлкен тәжірибе мектебіне айналары сөзсіз.
Байқауға қатысып жатқан барша аруларға сәттілік, шабыт және жарқын жеңістер тілейміз! Әрқайсысы өз арман-мақсатына жетіп, ел мақтанышына айналсын!
Пікірлер (0)