Сүйекті «сөйлеткен» суретші: Қосшыда Бектас Кәрімнің «Киелі жауырын» көрмесі өтеді

Қосшы жаңалықтары
view 142
news

Коллаж: Нұрсұлтан Жорабаев

Бектас Кәрімұлы қазақтың құндылықтары мен салт-дәстүрлерін әлемге бір ғана сүйекпен танытып жүрген талант иесі. Қазақ жауырын ұстап болашақты болжаған. Ал Бектас Кәрімұлы қара малдың жауырын сүйегіне ойып та, жонып та сурет салады және көркем туындылар жасайды, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: Үш тілде еркін сөйлеген жастар: Қосшыда «Тіл шебері» анықталды

Махаббат – мәңгілік құндылық: Қосшыда Ұлттық ғашықтар күніне орай ерекше іс-шара өтті

«Өнер – халық қазынасы»: Қосшының мәдени-рухани әлеуеті асқақтады

Қосшы қаласы Мәдениет үйінің суретшісі Петербордағы И. Репин атындағы көркемсурет, сәулет және мүсін институтында білім алған. Оның картиналары АҚШ бастаған елдердің көрме сөресінен түспейді. Өйткені шебер дала өркениетінің этнографиялық көрінісін тамаша бейнелейді. Сонысымен де таңсық.

Сүйек жонуды шебер 2014 жылы қолға алған. Сүйекті «сөйлетіп» жүрген ол:

Қазақ халқы жауырынды қадір тұтқан. Оның ортасын бөліп тұрған қырбелін «баланың жолы», қыр астындағы жазық-жалпақты «адамның жолы», ал жауырынның шүйесін «әулет жолы» деп қараған. Және жауырынға қарап малдың күйін, сол жылдың райын болжаған, - дейді.

Қосшылық суретші 2015 жылдан бері көптеген облыстық, республикалық және халықаралық көрмеге қатысып келеді.

Еске сала кетейік, 1 мамыр күні сағат 11.00-де Қосшы қаласының Қоғамдық мәдени-спорт кешенінің креативті көрме залында Бектас Кәрімнің «Киелі жауырын» көрмесі өтеді. Мекен жайы: Қосшы қаласы, Республика көшесі, 11.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *