Махаббат – мәңгілік құндылық: Қосшыда Ұлттық ғашықтар күніне орай ерекше іс-шара өтті
Фото: дереккөз
15 сәуір – Қозы Көрпеш пен Баян Сұлу күні, мәңгілік махаббатты дәріптейтін Ұлттық ғашықтар күніне орай ерекше іс-шара ұйымдастырылды, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.
Мереке аясында «Махаббатсыз дүние бос…» атты жас жұптарға арналған байқау өтті. Аталған шараның басты мақсаты – жастар арасында сүйіспеншілік, адалдық және өзара түсіністік құндылықтарын насихаттау.
Кеш барысында қатысушы жұптар түрлі кезеңдер бойынша сынға түсіп, бір-біріне деген құрметі мен шынайы сезімдерін көрсете білді. Әсіресе, ұлттық нақыштағы «Ақсүйек» ойыны кештің көркін қыздырып, көрермендерге ерекше әсер сыйлады. Бұл кезеңде Даурен мен Аяулым ептілік танытып, үздік нәтиже көрсетті.
Байқау қорытындысы бойынша жүлделі орындар төмендегідей анықталды:
І орын – Жанат пен Назерке;
ІІ орын – Еркебұлан мен Аида;
ІІІ орын – Даурен мен Аяулым.
Жеңімпаздар мен барлық қатысушылар арнайы дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Іс-шара жастардың жүрегіне жылу сыйлап, махаббат пен адалдықтың мәңгілік құндылық екенін тағы бір мәрте дәлелдеді.
Пікірлер (0)