Қосшыда жаңа театр трупасына кастинг жарияланды

Қосшы жаңалықтары
view 47
news

Фотосурет: istockphoto

Қосшы қаласындағы қоғамдық-мәдени спорт кешенінде театр трупасы ашылады. Осыған байланысты өнерпаздар арасында кастинг жарияланды, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.

Бұл туралы ҚР еңбек сіңірген қайраткері, ҚР Театр қайраткерлері одағының шешімімен 2025 жылдың үздік режиссері атағын иеленген, танымал режиссер Жұлдызбек Жұманбай мәлімдеді.

Оның айтуынша, театр – бірнеше өнер түрін тоғыстыратын синтездік өнер.

«Сол себепті кастингке кәсіби актерлермен қатар дәстүрлі әншілер, күйшілер мен бишілер де шақырылады. Театр ұжымына қосылғысы келетін өнер иелері кастингке қатыса алады», - деді ол.

Кастинг уақыты: 29 мамыр, сағат 10:00.

Толық ақпарат алу үшін: +7 705 227 4434.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *