Қосшыда Түркі жазуы күніне арналған ғылыми конференция өтеді

Қосшы жаңалықтары
view 38
news

Фотосурет: дереккөз

Қосшы қаласында Түркі жазуы күніне арналған «Көне түркі жазбалары: тарих пен тағылым» атты ғылыми конференция өтеді, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.

Іс-шара барысында көне түркі ескерткіштеріндегі мемлекетшілдік идеясы, түркі бітік жазуының шығу тегі мен дамуы, жыр-аңыздардағы елдік рух, ұлттық дүниетаным мен мәдени жады тақырыптары талқыланады.

Конференцияның модераторы – тарих ғылымдарының докторы, профессор Жамбыл Артықбаев.

Жиынға ғалымдар мен сала мамандары Элмира Асан, Закон Тұрсынхан, Ақеділ Тойшан, Талғат Молдабай, Абылайхан Қалназаров және Бақтыгүл Шағырбаева қатысады.

Конференция Қосшы қаласындағы қоғамдық-мәдени спорт кешенінде 22 мамыр күні сағат 11:00-де басталады.

Ұйымдастырушылар көпшілікті рухани мұраны ұлықтауға арналған маңызды шараға қатысуға шақырды.

Оқи отырыңыз

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *