Құрылтай сайлауы – азаматтардың ел болашағы

Пікір
view 15
news

Фото: Жеке мұрағаттан

Құрылтай сайлауы – азаматтардың ел болашағына қатысты өз көзқарасын білдіруіне мүмкіндік беретін маңызды кезең. Әсіресе кандидаттардың өз ойларын ашық айтып, халық алдында пікірталас өткізуі көңілге қонымды. Жақында өткен дебатта бірқатар өзекті мәселелер көтеріліп, кандидаттардың көзқарасы мен ұстанымдарын салыстыруға мүмкіндік болды. Мұндай пікірталастар қоғам үшін қажет деп ойлаймын.

Дебат барысында айтылған мәселелердің ішінде халықпен тікелей байланысты әлеуметтік және қоғамдық мәселелердің болуы маңызды. Өйткені Құрылтай тек пікір айтатын алаң емес, елдегі өзекті мәселелерді көтеріп, олардың шешімін іздейтін қоғамдық диалог алаңы болуы керек. Кандидаттардың нақты ұсыныстар айтуы, өз өңірінің мәселесін білуі және оны шешуге қатысты көзқарасының болуы – үлкен жауапкершілікті талап етеді.

Менің ойымша, бүгінгі таңда қоғамға ашық диалог пен өзара пікір алмасу өте қажет. Әр азамат елдегі өзгерістерге бейжай қарамай, өзінің азаматтық ұстанымын білдіргені дұрыс. Құрылтайдың жұмысы да халықтың ұсынысы мен қоғамның сұранысына негізделген жағдайда нәтижелі болады.

Сайлау үдерісінің ашық әрі әділ өтуі, кандидаттардың халықпен тығыз байланыс орнатуы маңызды. Құрылтайға келген азаматтар елдің ортақ мүддесін жоғары қойып, халықтың сенімін нақты іспен ақтауы керек деп санаймын.

Нұрлан Қасымов

дәрігер

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *