Құрылтай сайлауы – еліміздің қоғамдық өміріндегі маңызды саяси үдерістердің бірі

Пікір
view 16
news

Фото: Жеке мұрағаттан

Құрылтай сайлауы – еліміздің қоғамдық өміріндегі маңызды саяси үдерістердің бірі.

Себебі, Құрылтай арқылы қоғамдағы өзекті мәселелер көтеріліп, халықтың талап-тілегі мен ұсыныстары кеңінен талқылануға мүмкіндік алады. Бүгінде ел дамуы үшін азаматтардың белсенділігі мен жауапкершілігі маңызды. Сондықтан Құрылтай құрамына елдің мәселесін жақсы білетін, халықпен етене жұмыс істей алатын, өз ойын ашық жеткізетін азаматтардың келуі қажет деп ойлаймын.

Меніңше, Құрылтайдың негізгі міндеттерінің бірі – қоғам мен билік арасындағы байланысты күшейту. Әсіресе өңірлердегі қарапайым халықтың ұсыныстары мен күнделікті өмірде кездесетін мәселелердің жоғары деңгейде талқылануы маңызды. Жол, білім, денсаулық сақтау, әлеуметтік қолдау, жастардың мүмкіндігі, кәсіпкерлікті дамыту секілді мәселелер халықтың өміріне тікелей әсер етеді.

Сондықтан бұл сайлауға немқұрайлы қарамай, кандидаттардың бағдарламасы мен ұстанымдарына назар аударған жөн. Ең бастысы – Құрылтай мүшелері халықтың сенімін ақтап, елдің дамуына нақты үлес қосатын азаматтар болуы керек. Қоғамдағы әрбір пікір ескеріліп, ел мүддесі бірінші орында тұрса, мұндай институттың маңызы да арта түседі.

Еркін Қожахметов

Қосшы қаласының тұрғыны

 

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *