Құрылтай сайлауы – еліміздің саяси жаңғыруындағы маңызды қадамдардың бірі деп ойлаймын.
Фото: Жеке мұрағаттан
Қоғам өзгеріп, халықтың талап-тілегі де жаңарып отырған кезде елдің саяси институттарының да заман талабына сай жетілуі заңды.
Мен үшін Құрылтайдың басты мәні – халық пен билік арасындағы байланысты күшейтуінде. Әр өңірдің, әр әлеуметтік топтың өз мәселесі бар. Сол мәселелер жоғары деңгейде талқыланып, елдің даму бағытын айқындауға ықпал етсе, бұл қоғам үшін маңызды нәтиже болар еді.
Қазір халық нақты өзгерісті, ашықтықты және әділдікті күтеді. Сондықтан Құрылтайдың жұмысы азаматтардың ұсыныс-пікірін ескеріп, елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына нақты үлес қосатын деңгейде болғаны маңызды.
Менің ойымша, бұл сайлау – еліміздің саяси жүйесін жаңартуға бағытталған реформалардың жалғасы. Құрылтай халықтың үні естілетін, маңызды мәселелер ашық талқыланатын және ел болашағына қатысты шешімдер қабылдауға ықпал ететін тиімді институтқа айналуы керек.
Ботагөз ҚАДЫРБАЕВА,
Қосшы қаласы Мансап орталығының директоры
Пікірлер (0)