Құрылтай сайлауы – еліміздің қоғамдық-саяси дамуындағы маңызды институттардың бірі деп есептеймін.

Пікір
view 19
news

Фото: Жеке мұрағаттан

Қазіргі таңда қоғамда болып жатқан өзгерістер мен жаңарулар халықтың пікірін ескеруді, азаматтардың ұсыныстары мен бастамаларына кеңінен мүмкіндік беруді талап етеді. Осы тұрғыдан алғанда, Құрылтайдың орны ерекше.

Құрылтай сайлауы елдің әртүрлі саласында еңбек етіп жүрген азаматтардың басын қосып, қоғам үшін өзекті мәселелерді ортаға салуға мүмкіндік беретін маңызды алаң. Мұнда білім, мәдениет, экономика, ауыл шаруашылығы, әлеуметтік сала, жастар саясаты және басқа да бағыттар бойынша пікірлер айтылып, нақты ұсыныстар талқыланады. Бұл – қоғамдағы түрлі көзқарастарды естіп, ортақ шешімге келудің тиімді жолдарының бірі. Меніңше, бүгінгі қоғамға ең керегі – өзара түсіністік, жауапкершілік және ел болашағына бейжай қарамау. Құрылтайдың құндылығы да осында. 

Әр азаматтың ұсынысы мен ойы елдің дамуына қатысты маңызды мәселелерді талқылауға өз үлесін қоса алады. Мемлекет пен қоғам арасындағы байланысты күшейту, халықтың үнін билікке жеткізу және елдік мәселелерді бірге талқылау – кез келген дамыған қоғам үшін маңызды.

Сондықтан Құрылтайды еліміздегі қоғамдық пікірді қалыптастыратын, азаматтық белсенділікті арттыратын және ел дамуының маңызды бағыттарын талқылайтын кең ауқымды алаң ретінде қабылдаймын. Оның жұмысы нәтижелі болып, көтерілген мәселелер нақты ұсыныстарға, ал ұсыныстар ел игілігіне бағытталған нақты істерге ұласса, бұл барша қоғам үшін пайдалы болары сөзсіз. Ең бастысы – елдің тұрақтылығы мен бірлігін сақтай отырып, заман талабына сай дамуға ұмтылу.

Қариғазы Майгүл«Қосшы қаласы ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ басшысы

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *