Қытай тілін білетін қосымша мамандар тартылады
Фотосурет ашық дереккөзден алынды
Көлік министрлігі 2025 жылы өтетін Қытай Халық Республикасының туризм жылына дайындық жұмыстарын жүргізе отырып, әуежайлар мен вокзалдарды қытай тіліндегі ақпаратпен қамтамасыз ету туралы тапсырма берген.
Атап айтқанда, министр Марат Қарабаев әуежайларда, вокзалдарда және ұшақтарда туристік бағыттар туралы брошюраларда қытай тілінде ақпараттың болуын қамтамасыз етуді тапсырды. Сонымен қатар, Қарабаев туристерді тіркеу үшін қосымша есептегіштер орнатуды және ірі әуежайлар мен вокзалдарға қытай тілін білетін қосымша мамандарды тартуды тапсырған.
Өнеркәсіп және туризм комитетінің мәліметі бойынша, 2023 жылы Қытайдан келетін туристер ағыны 367 мың адамды құраған, бұл 2022 жылдың сәйкес кезеңінен 21 есеге көп.
Пікірлер (0)