Тағы екі баланың денесі шығарылған
Фотосурет ашық дереккөзден алынды
Ақтөбе облысында жантүршігерлік жол апатынан қаза тапқандар саны 8-ге жетті. Аталған жайтқа қатысты Ақтөбе облыстық полиция департаменті мен білім басқармасы пікір білдірді.
Ақтөбе облысында жол апатынан қаза тапқандар саны 8-ге жетті, оның 5-еуі бала. Toyota Ipsum автокөлігі жүк көлігімен соқтығысқан, апат салдарынан минивен жүргізушісі мен жеті жолаушы қайтыс болды.
Білім басқармасы басшысы Жайық Сұлтан ресми емес шараларға қатысудан бас тартуды сұрап, арнайы рұқсатсыз іс-шараларға қатысудың қауіпті екенін ескертті.
Полиция мәліметіне сүйенсек, бүгін таңертең Самара-Шымкент автожолында жүк көлігімен соқтығысқан Toyota Ipsum автокөлігінің салонынан тағы екі баланың денесі шығарылған. Осылайша, апат салдарынан минивен жүргізушісі мен жеті жолаушы, оның ішінде бес бала қаза тапқаны белгілі болды.
Оқиға орнында тергеу іс-шаралары жалғасып жатыр.
"Ақтөбе облыстық білім басқармасы, Дене шынықтыру және спорт басқармасының арнайы рұқсатынсыз шараға қатысу үлкен қауіп төндіреді. Егер біз ұйымдастырсақ, арнайы полиция жүреді. Бұл жағдай сай-сүйегіңді сырқыратады. Ата-аналардан ресми емес шараларға қатысудан бас тартуды сұраймыз. Балалар жеке қайырымдылық қоры ұйымдастырған футбол турниріне сапарға шыққан. Маңғыстау облысына бет алған. Ата-аналары да балалармен бірге болған. Сонымен бірге спорт, мәдени, білімге қатысты шаралар арнайы тізімге енбесе, қатыспаған жөн",- деді Ақтөбе облысы білім басқармасының басшысы Жайық Сұлтан.
Пікірлер (0)