Референдумдағы халықаралық байқаушыларды тіркеу 30 мамырға дейін жалғасады

Жаңалықтар
view 87
news

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда өтетін референдумға жүзден астам халықаралық байқаушы аккредиттелді. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. «Референдумда шетелдік ұйымдар миссиясының халықаралық байқауға қатысуына үлкен мән береміз. Бұл еліміз үшін маңызды оқиғаға шетелдік серіктестердің де қызығушылығын көрсетеді. Орталық референдум комиссиясының отырыстарында қаралған алғашқы мәселелердің бірі – халықаралық бақылау институтын ашу болды. Қазіргі уақытта 100-ден астам бақылаушы аккредиттелді. Оның ішінде ЕҚЫҰ ДИАҚБ бақылаушылар миссиясының өкілдері де бар», - деді Нұрлан Әбдіров Сыртқы істер министрлігінде өткен жиналыста. ОСК төрағасы қазіргі уақытта ТМД, ТМД Парламентаралық Ассамблеясы, түркі мемлекеттері ұйымы байқаушыларының миссиялары аккредиттелгенін атап өтті. «Бүгінде 17 мемлекеттің делегация өкілдері аккредиттелді. Бұл жұмыс жалғасып жатыр. Халықаралық байқаушыларды аккредиттеу 30 мамыр күні сағат 18:00-ге дейін жалғасады», - деді Н. Әбдіров. Сайлау комиссиясының ақпараты бойынша, республикалық референдумға елден тыс учаскелерді қоса алғанда, барлығы 10 012 учаске тартылатын болады. Тізімге 11 млн 722 мың 536 азамат енгізілді. 20 мамырдан бастап азаматтарға осы тізімдерде өздерін тексеруге мүмкіндік берілді. Барлық құқықтар қорғалған. inform.kz белсенді сілтемені пайдаланыңыз https://www.inform.kz/kz/referendumdagy-halykaralyk-baykaushylardy-tirkeu-30-mamyrga-deyin-zhalgasady_a3937115  

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *