Қазақстанда ең төменгі жалақы 100 мың теңгеге дейін көтеріледі

Жаңалықтар
view 94
news

Фото: Aқорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев алғашқы медициналық-санитарлық көмек жүйесін жаңғырту және азаматтардың табысын арттыру бағытындағы жаңа міндеттерді атады. Мемлекет басшысы учаскелік қызмет мамандарының жалақысын 40 пайызға дейін арттыруды және ең төменгі жалақы мөлшерін 100 мың теңгеге дейін көтеруді тапсырды, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.

Президенттің айтуынша, алғашқы медициналық-санитарлық көмек жүйесін жетілдіру үшін жалпы практика дәрігерлерінің өкілеттігін кеңейтіп, осы бағытты қаржыландыру көлемін кезең-кезеңімен ұлғайту маңызды. Осыған байланысты Үкіметке келер жылдың 1 қаңтарынан бастап учаскелік қызмет мамандарының жалақысын үздіксіз еңбек өтіліне қарай 40 пайызға дейін арттыру тапсырылды. Бұл шара 77 мыңнан астам медицина қызметкерінің табысын өсіруге мүмкіндік береді.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы ең төменгі жалақы мөлшерін кезең-кезеңімен арттыру қажеттігін атап өтті. Осы орайда Үкіметке ең төменгі жалақыны қазіргі 85 мың теңгеден 100 мың теңгеге дейін көтеру міндеті жүктелді. Аталған өзгерісті келесі жылдың 1 қаңтарынан бастап жүзеге асыру жоспарланып отыр. Нәтижесінде 1,8 миллион адамның, оның ішінде бюджет есебінен жалақы алатын 370 мыңнан астам қызметкердің табысы артады деп күтілуде.

Жалпы, бұл бастамалар медицина саласы қызметкерлерін қолдауға, алғашқы медициналық көмектің сапасын арттыруға және халықтың табысын өсіруге бағытталған.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *