«Tartyl Fest» атты тұңғыш турниктен республикалық спорт фестивалі басталды

Спорт
view 212
news

Бүгін, 10 шілде күні Қонаев қаласында турникке тартылудан республикалық  «Tartyl Fest» спорт фестивалі басталды, деп хабарлайды madeniportal.kz. Аталған шара Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы «Dara» дарындыларды қолдау қорының» ұйымдастыруымен елімізде тұңғыш рет өткізіліп отыр. Спорттық сайыс 6 қыркүйекке дейін еліміздің 20 қаласында жалауын көтереді.    Білек күшін сынауға кез келген адамның мүмкіндігі бар. Қатысушылар жасы мен салмағына қарай 9 категория бойынша сынға түседі. Жарысты ресми әділқазылар алқасы бағалайды. Аймақтардан топ жарған мықтылар Нұр-Сұлтан қаласында өтетін гранд-финалға жолдама алады. Жарыс қорытындысы бойынша гранд-финал жеңімпаздары әлем чемпионатына қатысып, халықаралық додада Қазақстанның намысын қорғайды.  Жоба жетекшісі әрі амбассадоры Қазақстандағы Street Workout орталықтардың негізін қалаушылардың бірі,  жаттықтырушы және актер Айтым Жақыпов. Ол Street Workout бойынша Қазақстанның және әлемнің бірнеше мәрте рекордсмені, Street Lifting спортынан Еуропадағы бірқатар турнир жеңімпазы атанған. Әр қала бойынша жүлде қоры - 3 400 000 теңге. Ал, Нұр-Сұлтан қаласында өтетін гранд-финалдың жүлде қоры - 54 000 000 теңге.Сайысқа қатысу үшін өтінішті  www.daraqory.kz ақпараттық сайтына жолдауға болады. Фестиваль туралы толық ақпарат та осы порталда. Айта кетейік Street Workout – әуесқойларға арналған спорт түрі. Жарыс қатысушылары қала көшелеріндегі ашық спорт алаңдарында сынға түседі. Турникке барынша көп тартылған сайын ақшалай жүлдені ұту мүмкіндігі артады.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *