Серік Бердімұратұлы «Мемлекеттік Піл балуан» атанды

Спорт
view 368
news

Моңғолия халық төңкерісінің 101-100 жылдығына арналған ұлттық «Наадам» мерекесінде балуандар арасындағы сынға түскен қандасымыз Серік Бердімұратұлы жеті жығып «Мемлекеттік Піл» атанды. Бұл марапатты Моңғолияның президенті Ухнаагийн Хүрэлсүх табыс етті, деп хабарлайды janabastau.kz. Моңғолия тәуелсіздік мерекесі – Наадамға орай ұйымдастырылған моңғол күресіне РФ Тыва республикасы, Қалмақия және ҚХР Ішкі Моңғолиядан балуандар қатысты. Барлығы 1024 балуан күресті. 10 кезеңнен тұратын алыптар айқасында Оргихын Хангай бірінші орын болып чемпион атанса, екінші орын болған Баярсайханы Орхонбаяр Мемлекеттік Арыстан атанды. Серік Бердімұратұлы бұл жолғы Наадам мерекесінде бірінші кезеңде аудандық піл балуан Эрдэнэзулын Дашзэвэгті; екінші кезеңде Аймақтық қаршыға балуан Баасанцогтын Өлзийсайханды; үшінші кезеңде Аймақтық арыстан Шагдарсүрэнгийн Чинтулғаны; төртінші кезеңде Аймақтық арыстан Пүрэвжавын Даваадоржны; бесінші кезеңде Аймақтық арыстан Цэвээнпүрэвийн Төмөрцоожны; алтыншы кезеңде Аймақтық арыстан Энхбатын Сумъяабатты жығып, Моңғол елінің ұлттық күресінің Мемлекеттік Қаржыға балуан атағын алса, ширек финалда Мемлекеттік Піл балуан, көптеген күрес түрлерінің шебері Доржийн Анарды жығып, Моңғол елінің Мемлекеттік Піл балуаны атанды. Серік Бердімұратұлы – 1994 жылы Моңғол елінің Бай-өлке аймағында дүниеге келген. Ол спортпен он жасынан бері шұғылданады. Әлемдегі ең әмбебап балуандардың бірі. Сумо, самбо, жудо, қазақ және моңғолдың ұлттық күресімен айналысады. Көптеген жарыстардың жеңімпазы. Атап айтқанда: самбо күресінен жасөспірімдер арасында әлем чемпионатының екі дүркін (2010 және 2011) қола жүлдегері, жасөспірімдер арасында сумо күресінен Жапония ашық чемпионатының (2011) қола жүлдегері және жастар арасында әлем чемпионы (Гонконг, 2012). Моңғолдың ұлттық күресінен жастар арасында ел чемпионы (2012, 2014) және «Аймақ арыстаны» (2013). Дзюдодан жасөспірімдер арасында Моңғолия чемпионы (2009) және ересектер арасында (2014) күміс медаль иегері. Қазақша күрестен 2012 жылы Шымкент қаласында ұйымдастырылған Қажымұқан турнирінің жеңімпазы әрі «Еуразия Барысының» (2013) күміс жүлдегері атанған талантты қазақ ұланы. Естеріңізге сала кетейік, моңғол күресінің өз жоралары, ережелері және өзіне тән ерекшеліктері бар: Салмаққа қарамайды, күрес ашық алаңда өтеді. Табаны мен білезікке дейін қолынан басқа дене мүшесі кімдікі бірінші жерге тисе, сол балуан жығылған болып есептеледі. «Надам» ұлттық мейрамында 512-ден 1024-балуанға дейін күреседі. Жұп болып күресіп, жеңілгендер жарыстан шығып отырады. Әр деңгейден өткен сайын арнайы марапатқа ие болады. «Начин» («лашын») – бес тур бойынша жеңіске жетсе; «харцага» («қаршыға») – алты турдағы жеңіс үшін; «заан» («піл») – жеті турдағы жеңіс үшін; «гардь»- («самұрық») – сегіз тур бойынша жеңіске жетсе; «арслан» («арыстан») – тоғыз тур бойынша («арыстан» атағы бар балуанға беріледі); «аварга» («чемпион») он тур бойы жеңіске жету үшін беріледі; 1024 балуан күресетін соңғы турда жеңіске жеткен адам осы мәртебеге ие болмақ. Бүгінде Моңғолия қазақтарының арасынан шыққан қандасымыз Бақыт Одынайұлы 1982 жылы осы «Надамдағы» бес бірдей жеңісінен кейін «Мемлекеттік лашын» атағын алған. Тарихта 1946 жылы Моңғолияның Халық Армиясының 25 жылдық мерейтойына арналған балуандар сайысында әйгілі балуан Әбдіғажы Терлікбайұлы финалға шығып, үшінші дәрежелі атақ – Мемлекеттік Піл атағын қазақ болатын. Жарты ғасырдан кейін осы дәрежеге «Түркі дүниесінің түйе балуаны» атанған Серік Бердімұратұлы жеті жығып осы межеге жетіп отыр.  

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *