Қосшының «тайфун» таэквондошылары

Спорт
view 301
news

WTF (Бүкіләлемдік таэквондо федерациясының) Атқару комитетінің мүшесі, таеквондодан 2008 жылғы Бейжің Олимпиадасының қола жүлдегері Арман Шілмановтың қолдауымен, 2016 жылы Қосшы қаласы «Лесная поляна» тұрғын үй алабында «TAIFYN» таэквондо клубы ашылған. Содан бері спорттық клуб тұрақты жұмыс істеп келеді. Клубта жыл сайын 120-ға жуық балалар тәрбиеленеді. «TAIFYN» таэквондо клубы – үйірме емес, арнайы мектеп. Тек спортшы балаларды ғана емес, бапкерлерді де дайындаймыз. Болашақ чемпиондар физикалық және психологиялық тұрғыда тәрбие алады. Клубта 3-дан, қара белбеу иегері Пернебек Ибраев бастаған екі тәжірибелі бапкер жұмыс істейді. Одан бөлек жас жаттықтырушылар да бар. Бапкерлеріміз қазірде балаларды үлкен жарыстарға дайындап жатыр. Клубқа 5 жастан жоғары балалар қабылданады. Сонымен қатар, «TAIFYN» клубының бөлімшелері Нұр-Сұлтан қаласында да бар. «TAIFYN» клубы чемпион балалармен, жалпы осы таэквондоға қызығатын балардың барлығын қабылдайды. Клубта мүгедек балалардың да жаттығуға мүмкіндігі бар», – дейді «TAIFYN» таэквондо клубының директоры, ұстаз, ITF 4-дан қара белбеу, WTF 3-дан қара белбеу иегері Руслан Әкішов.

«TAIFYN» КЛУБЫНЫҢ ЧЕМПИОНДАРЫ:

Әділхан Темірболатов – таэквондошы, қара белбеу 1-дан иегері.

Республикалық, халықаралық және аудандық додалардың жеңімпазы.

 

Сабрина Сағынбаева – таэквондошы, қара белбеу 1-дан иегері.

Қалалық және республикалық турнирлердің чемпионы.

Диана Ширяева – таэквондошы, қара белбеу 1-дан иегері.

Қалалық және республикалық турнирлердің чемпионы. Халықаралық жарыстардың жүлдегері.

 Нұрәли Амантай – таэквондошы, қара белбеу 1-дан иегері.

Таэквондо ITF және WTF бойынша барлық республикалық жарыстардың қатысушысы және чемпионы.

Даниял Төлеген – таэквондошы, қара белбеу 1-дан иегері.

Қалалық және республикалық турнирлердің чемпионы. Халықаралық жарыстардың жүлдегері.

 

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *