Бодибилдингтен Азия чемпионы атанған қазақ
Спорт
331
Моңғолияның Эрдэнэт қаласында тұратын қазақ бодибилдері Еркебұлан Байытұлы Азия чемпионы атанды.
«Men’s sports physique up to 180 cm» категориясы бойынша өнер көрсеткен бодибилдер Еркебұлан Байытұлының жеңісі Моңғолия құрамасының қоржынындағы алғашқы жүлде. Бұл жолғы чемпионатта оған Үндістан, Тайланд және Иран спортшылары лайықты қарсылас болған.
Мальдив аралында ұйымдастырылған бодибилдингтен чемпионат 54-рет өтіп жатыр.
2014 жылы Үндістанның Мумбай қаласында дүниежүзілік бодибилдинг және фитнес чемпионатында моңғолиялық қандасымыз Нұрлан Жүнісұлы чемпион атанған болатын. Ол әлемдік бодибилдинг және фитнес чемпионатында қатарынан екі жүлде алған спортшы ретінде танымал.
Пікірлер (0)