Ақсақалдар арасындағы турнир
Спорт
225
Қосшыда ақсақалдар арасында шахматтан жарыс өтті. Қала қарттары белсенділік танытып, жарыстың сәнін кіргізді.
Қатысушылар жарысқа қызу дайындақпен келген. «Мінездің әлсіздігі әдетте шахмат ойыны кезінде көрінеді. Бір өзің ғана шахматта шедеврлер жасай алмайсың. Жоғары деңгейдегі қарсылас керек», - деп Гарри Каспаров айтқандай, қатысушылар бір-бірінен асып түсті. Ақыл-ойдың спорты шахмат жарысында бірінші орынды Елубай Иіпбергенов иеленді. Мұрат Ысқақов екінші, Айтжан Кенжеғалиев үшінші орын алды. 27 шілдеде өткен бұл жарысқа Ақмола облысы мәслихатының депутаты, қоғамдық Кеңестің төрайымы Сайраш Матайбаева демеуші болған.
Ақсақалдар – елдің көркі. Мұқағали Мақатаев «Дауыл тұрса, бүлк етіп толқымайтын, Бара жатыр сарқылып дариялар» деп жырлаған. Шынында, аузы дуалы қарттарымыз азайып бара жатыр. Осы өмірдің кемесінде қалған қарттарымыздың жастармен бірге салауатты өмірге талпынғаны қандай жақсы. Спорттық ойындарда дес бермейтін Қосшы қарияларын үлгі тұтуымыз керек. Қазақ «Қариясы бар үйдің, қазынасы бар» деп бекер айтпаса керек...
Пікірлер (0)